Әмірлік «Masdar» компаниясы Қазақстандағы инвестицияларын әртараптандыруға дайын екенін білдірді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек Әмірліктердегі «Masdar» компаниясының бас директоры Мұхаммед әл-Рамахимен кездесті. Кездесуде тараптар энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайту перспективаларын және екі ел арасында қолға алынған жобалардың қазіргі жай-күйін талқылады.
Сұхбат барысында компаниянын Бас директоры Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастықты әртараптандыруға қызығушылық танытты.
Өз кезегінде Қазақстан Елшісі елімізде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ісіне қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.