Энергетикалық қауіпсіздік пен газ транзиті: ШЫЭФ-2025 аясындағы кездесу

2772
Фотосурет: UKIMET

Роман Скляр «Газпром» ЖАҚ басқарма төрағасы Алексей Миллермен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Шығыс экономикалық форумы аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «Газпром» ЖАҚ басқарма төрағасы Алексей Миллермен кездесу өткізді.

Тараптар газ саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын, соның ішінде газды жеткізу, транзит және қайта өңдеу, сондай-ақ инфрақұрылымдық өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады.

Тараптардың ұзақмерзімді өзара қарым-қатынасы негізінде энергетикалық қауіпсіздікті арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Роман Скляр «Газпром» ЖАҚ-пен серіктестіктің стратегиялық сипатын атап өтіп, Орталық Азия мен Еуразиялық кеңістіктің энергетикалық нарықтарын тұрақты дамыту үшін күш-жігерді үндестірудің маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде «Газпром» ЖАҚ басшысы Ресей тарапының ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілігін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді жобаларды дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыруға және тұрақты диалогты қолдауға келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -