Astana Finance Days шеңберінде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Оман Сұлтандығының Қаржылық қызметтер басқармасы (FSA) арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды DKNews.kz.
FSA капитал нарықтарын, сақтандыру секторын, сондай-ақ бухгалтерлік және аудиторлық қызметті реттеу мен қадағалауды жүзеге асырады.
Қол қою рәсімі екі елдің қаржы реттеушілері басшыларының – Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымованың және FSA Атқарушы президенті Абдулла Салим Аль-Салми мырзаның қатысуымен өтті.
Құжат Қазақстан мен Оман арасындағы ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі жұмыстың нәтижесі болды. Меморандум қаржы технологиялары, инновациялық жобалар, қаржылық білім беру және қаржылық қолжетімділікті арттыру саласындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, қаржы нарығының инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бірлескен бастамаларды әзірлеуді көздейді.
Өңірлік биржалар арасындағы байланыстарды нығайтуға және трансшекаралық сауданы жеңілдетуге ықпал ететін Tabadul платформасын қолдауға және дамытуға ерекше назар аударылады.