Интерпол автокөлікке қатысты алаяқтық ісінің фигурантын Қазақстанға қайтарды

1617
Фотосурет: Gov

Ірі көлемдегі алаяқтық бойынша күдікті Түркиядан қайтарылды, деп хабарлайды DKNews.kz.


 
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің және Түркия Республикасының құзыретті органдарының көмегімен бірнеше рет алаяқтық бойынша іздеуде жүрген Қазақстан азаматын Түркиядан елге қайтарды.

Ол 2023 жылы Шымкент қаласында басқа адамдармен алдын ала сөз байласып, интернет-алаңда нарықтық бағадан төмен бағамен автокөлік сатылады деген жалған хабарландырулар орналастырған. Заңсыз әрекеттердің салдарынан 52 жәбірленуші жалпы сомасы 70 млн теңгеден астам қаражаттан айырылды.

Аталған қылмыстың қатысушылары бұрын жазаның әртүрлі түрлеріне сотталған. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынғанына байланысты оған халықаралық іздеу жарияланып, ағымдағы жылдың тамыз айында Түркия аумағында ұсталды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Ол мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Бас прокуратура мен құқық қорғау органдары азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қылмыс жасаған тұлғаларды, олар қай елде жүргеніне қарамастан, жауаптылыққа тарту бойынша жүйелі жұмысын жалғастырады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -