Huawei Қазақстандағы 48 жоғары оқу орнында ICT Competition 2025-2026 Roadshow бағдарламасын бастады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қазақстанда Huawei ICT Competition 2025-2026 Roadshow кең ауқымды білім беру туры басталды. Бағдарлама елдің 48 жоғары оқу орнын қамтып, мыңдаған студенттерге озық технологиялармен тікелей танысуға және АКТ саласының әлемдік көшбасшысынан тәжірибелік білім алуға бірегей мүмкіндік береді.
Roadshow аясында студенттер Huawei-дің жаһандық бастамалары мен компанияның цифрлық экономиканы дамытуға қосқан үлесі туралы біледі. Сондай-ақ, бұлтты технологиялар, желілік инфрақұрылым, киберқауіпсіздік және жасанды интеллект бағыттарындағы инновациялық шешімдермен танысады. Ерекше назар Huawei ICT Academy бағдарламасына аударылып, ол студенттерге эксклюзивті білім беру материалдарына, халықаралық сертификаттауға және жаңа мансаптық мүмкіндіктерге қол жеткізуге жол ашады.
Roadshow барысында Huawei ICT Competition 2025-2026 халықаралық байқауы іске қосылады. Қазақстан студенттері әлемнің түкпір-түкпірінен келген құрдастарымен қатар қатысып, жаңа білімге қол жеткізіп, халықаралық тәжірибе жинап, цифрлық болашақтың есігін ашады.
«Біз Huawei компаниясының Қазақстандағы цифрлық білім беруді дамытуға және жас мамандарды даярлауға қосқан үлесін жоғары бағалаймыз. ICT Competition Roadshow мен ICT Academy сияқты бастамалар біздің студенттерге алдыңғы қатарлы білімге, халықаралық тәжірибеге және жаңа мансаптық мүмкіндіктерге қол жеткізуге жол ашады. Қазақстан жастарының осы жобаларға қатысуы адами капиталды нығайту мен елдің цифрлық трансформациясына үлес қосуда маңызды қадам болатынына сенімдімін» Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек
Huawei ICT Competition 2025-2026 Roadshow бағдарламасына қатысу студенттерге халықаралық сарапшылардың тәжірибесімен жақын танысуға, кәсіби байланыстар орнатуға және АКТ саласындағы дамудың өздеріне перспективалы бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.
Көпшілігі үшін бұл табысты кәсіби мансапқа алғашқы қадам әрі оқу кезеңінде-ақ еңбек нарығында бәсекелік артықшылыққа ие болу мүмкіндігі болады.
«ICT Competition Roadshow — әрбір студентке бүгіннен бастап кәсіби мансабының берік іргетасын қалауға, халықаралық үздік тәжірибелермен танысуға және өзін АКТ саласындағы жаһандық қауымдастықтың мүшесі ретінде сезінуге бірегей мүмкіндік. Біз дәл осы жас мамандар елдің цифрлық трансформациясының драйверіне айналып, ертеңгі инновацияларды жасап, Қазақстанның қуатты, тұрақты және цифрлық экономикасын құруға маңызды үлес қосатынына сенімдіміз» Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бас директоры Сун Ясюй
Huawei компаниясы Қазақстандағы АКТ-білім беруді қолдауды дәстүрге айналдырып, студенттерге заманауи білім мен технологияларға кеңінен жол ашып отыр. ICT Academy мен ICT Competition бағдарламалары арқылы жыл сайын көптеген қазақстандық жастар жаңа білім алу және кәсіби даму мүмкіндіктерін иеленеді. Бұл бастамалар цифрлық экономиканың орнықты дамуына мықты іргетас қалыптастырып, елдің жаңғыруына өз үлесін қосатын жаңа мамандарды даярлауға жағдай жасайды.