Ұлыбритания Елшісі Астанада өткен арнайы техника көрмесіне қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.
2025 жылдың 12 қыркүйегінде Астанада Autodom Machinery компаниясы – Қазақстандағы JCB брендінің ресми дистрибьюторы – дәстүрлі JCB Open Day іс-шарасын өткізді. Бұл жыл сайынғы таныстырылым құрылыс және тау-кен өндірісі салаларына арналған жаңа техниканы ұсынуға бағытталған.
Іс-шараға 100-ден астам клиент, серіктес және салалық өкілдер қатысты. Құрметті қонақ ретінде Қазақстандағы Ұлыбританияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Салли Джейн Аксворти қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Ол екі ел арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың маңыздылығын және Қазақстан экономикасын дамытудағы JCB техникасының рөлін атап өтті:
«JCB – бұл бүкіл әлемге танымал атау. Бүгін осы алып JCB машиналарының ортасында тұрып, бізамбициялардың іске асып жатқанына куә болудамыз. Бұл жай ғана техника емес – бұл Қазақстанның дамуына үлес қосып отырған британ инженериясының символы» Салли Джейн Аксворти
Елшінің айтуынша, Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі – ұлттық экономиканың негізгі тіректерінің бірі, ЖІӨ мен экспортқа айтарлықтай үлес қосып келеді.
«JCB осы үдерісте маңызды рөл атқарады. Компания сенімді әрі тиімді жабдық ұсына отырып, тау-кен кәсіпорындарының қауіпсіз, нәтижелі және тұрақты жұмыс істеуіне ықпал етеді» Салли Джейн Аксворти
Сонымен қатар, дипломат тұрақты даму мен «жасыл» экономиканың өзектілігіне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, Ұлыбритания Қазақстанмен экологиялық болашаққа бірге қадам басуға дайын.
«Бұл процесте JCB маңызды рөл атқаратынына қуаныштымыз. Сутекпен жұмыс істейтін техникадан бастап энергияны үнемдейтін шешімдерге дейін – сіздер тек инфрақұрылым салмайсыздар, сіздер тұрақты болашақты да қалыптастырасыздар» Салли Джейн Аксворти
Қонақтарға JCB-дің жаңа үлгілері таныстырылды: JCB 3CX PLUS және JCB 3CX PRO экскаватор-жүктеушілері, сондай-ақ JCB JS385 шынжыр табанды экскаваторы.
3CX PLUS пен 3CX PRO үлгілері – жол құрылысы, инженерлік желілер мен коммуналдық шаруашылықта кеңінен қолданылатын ең танымал машиналардың қатарына жатады. Олардың басты ерекшелігі – қуаттылығы мен жұмыс жабдықтарының кеңейтілген мүмкіндіктері. Ал 35 тоннадан асатын JS385 экскаваторы ауыр техника санатына кіреді. Ол жер қазу және карьерлік жұмыстарға арналған, жоғары өнімділік пен ұзақ мерзімді жүктемелерге төзімділігімен ерекшеленеді.
Autodom Machinery компаниясының коммерциялық директоры Дмитрий Юрьев техниканың құндылығы мен сенімділігі ең маңыздыбасымдық екенін айтты.
«Клиенттеріміз тек машиналарды ғана емес, өз жобаларына нақты шешім тапса, сол маңызды. JCB – Қазақстанның кез келген жағдайында сенімді жұмыс істейтін техника, ол бизнестің тиімді әрі бәсекеге қабілетті болуына көмектеседі» Дмитрий Юрьев
Презентация барысында Қазақстандағы құрылыс және тау-кен салаларының даму перспективалары, технологиялық жаңару мәселелері және халықаралық тәжірибе алмасу тақырыптары талқыланды.
JCB (Joseph Cyril Bamford Excavators Ltd.) компаниясы 1945 жылы Ұлыбританияда құрылған. Бүгінде ол әлемдегі құрылыс, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп техникасының жетекші өндірушілерінің бірі саналады. JCB брендімен 300-ден астам түрлі техника шығарылады. Олар пайдалы қазбалар өндіруден бастап инфрақұрылымдық жобаларға және агробизнеске дейінгі көптеген салада қолданылады. Компания бүгінде 150-ден астам елде жұмыс істейді және британ инженерия мектебінің ең жарқын мысалдарының бірі. Қазақстанда JCB-дің ресми дистрибьюторы – Orbis Kazakhstan тобына кіретін Autodom Machinery компаниясы.