Роман Скляр Қазақстан мен Қытай қатынастарының жоғары деңгейін атап өтті

1133
Фотосурет: UKIMET

Роман Скляр ҚХР-дың құрылғанына 76 жыл толуына арналған қабылдауға қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытай Халық Республикасының құрылғанына 76 жыл толуына орай ҚХР-дың Қазақстандағы Елшілігіндегі дипломатиялық қабылдауға қатысты.

Өз сөзінде Р. Скляр Қытай халқын айтулы күнмен құттықтап, екі ел арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік рухында дамып келе жатқан өзара қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті.

Вице-премьер Қазақстан мен Қытай арасындағы барлық салалардағы ынтымақтастық екі ел көшбасшыларының жеке байланыстарының арқасында белсенді нығайып келе жатқанын ерекше атап өтіп, биыл ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға және ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға жасаған сапарларына тоқталды. Бұл сапарлар барысында екіжақты қатынастарды жаңа мазмұнмен толықтыруға бағытталған маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілгенін хабарлады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -