Тоқаев АҚШ-пен барлық бағыт бойынша диалогты жалғастыруға дайын екенін растады

2519
Фотосурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азиядағы арнаулы өкілі Серджио Горды қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Серджио Горды АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша арнаулы өкілі және АҚШ-тың Үндістандағы елшісі лауазымына тағайындалуымен құттықтады. Осы ретте Қазақстан Үкіметі оның миссиясына жан-жақты қолдау көрсететінін айтты. 

Мемлекет басшысы қазақ-америка стратегиялық серіктестігін нақты жетістіктермен одан әрі нығайтуға бағытталған диалогты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық ықпалдастықты дамытуға мән берілді. Мемлекет басшысы еліміз АҚШ-тың Орталық Азиядағы негізгі экономикалық серіктесі саналатынын атап өтті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Серджио Гор күн тәртібіндегі халықаралық және өңірлік өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -