Қазақстан мен Люксембург: цифрлық экономикадағы әріптестіктің жаңа перспективалары

1309
Фотосурет: Akorda

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясының алаңында Люксембург Премьер-министрі Люк Фриденмен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең көлемді мәселелері талқыланды.

Президент Қазақстан мен Люксембург ертеден достық және сындарлы қарым-қатынас орнатқанын атап өтті.

Сауда-инвестициялық ықпалдастықты дамытуға, сондай-ақ цифрландыру мен қаржы технологиялары салаларындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға ерекше мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Люк Фриден осы мақсатта екі елдің бизнес қауымдастығы арасындағы байланыстарды жандандыруға уағдаласты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -