Қазақстан мен Финляндия экономика және инвестиция саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

1859
Фотосурет: Аkorda

Мемлекет басшысы Финляндия Президентімен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Финляндия Президенті Александр Стубб екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.

Қазақстан Президенті жоғары деңгейдегі жемісті саяси диалог екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыруда маңызды рөл атқаратынына тоқталды.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия басшысының Қазақстанға жасайтын алдағы сапары қос елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық әлеуетін танытуға ықпал ететініне сенімді екенін айтты.

Кездесуде әлемдегі қазіргі геосаяси ахуалға баса мән берілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -