Болгарияда Тоқаевтың БҰҰ-дағы бастамаларының дер кезділігі атап өтілді

1056
Фотосурет: Gov

Болгар сарапшылары Қазақстан Президентінің реформалары мен жаһандық бастамаларын қолдауда, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстанның Болгариядағы Елшілігінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Болгарияның сарапшылар және ғылыми қауымдастығы, БАҚ және Тілшілер одағының өкілдері қатысты.

Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев қатысушыларды Жолдаудың басты месседждерімен таныстырып, Үкіметке алдағы үш жыл ішінде Қазақстанды ауқымды цифрлық трансформациялау және толыққанды цифрлық мемлекет құру туралы стратегиялық міндет қойылғандығын жеткізді.

Қазақ дипломаты сарпашылардың назарын ел экономикасының әлеуетті секторларына шетелдік капитал тарту, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым және логистика саларына озық технологиялар енгізу үшін инвестициялық жүйені қайта құру қажеттілігіне аударды. Мемлекет басшысының бірпалаталы Парламентке өту ұсынысына ерекше назар аударылды. Аталған мәселені 2027 жылы жалпыұлттық талқылауға (референдум) шығару туралы шешім Қазақстанның азаматтардың елдің болашағын айқындауға тікелей қатысуы арқылы демократиялық тәжірибені нығайтуына бейілділік аталып өтті.

Сонымен қатар В.Темірбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясында жаһандық ахуалға баға бере отырып, БҰҰ-ны реформалауды ұсыну жөніндегі сөйлеген сөзінің негізгі тұстарына тоқталды. Оның ішінде Азия, Африка және Латын Америкасының жетекші елдері ротациялық негізге төрағалық ететін Қауіпсіздік Кеңесін реформалау, сондай-ақ Қазақстан және Болгария секілді «орта державалардың» рөлін арттыру бойынша нақты ұсыныстар енгізу үшін мемлекеттердің жаңа коалициясын құру туралы бастамасын атап өтті. 

Іс-шараға қатысушылар Қазақстанда орын алып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға жоғары баға беріп, Президент Жолдауында көтерілген мәселелердің өзекті екендігін атап өтті. Болгар сарапшылары Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қойған міндеттерді іске асыру ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның орнықты және үдемелі дамуына жаңа серпін беріп, оның халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыратындығына сенім білдірді. Одан басқа, Мемлекет басшысының БҰҰ жоғары төрінде айтқан бастамалары уақтылы екендігін, сондай-ақ оның жаһандық күн тәртібіне қатысты прагматикалық және сындарлы көзқарасы аталып өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -