Қазақстан АҚШ-пен бірлесіп жаңа форматтағы колледждер ашуды жоспарлап отыр

1001
Фотосурет: Gov

Қазақстан мен АҚШ орман шаруашылығы, су ресурстары және логистика салалары бойынша мамандар даярлау жөніндегі ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев АҚШ-тың Аризона штатындағы Қазақстан Республикасының Құрметті консулы Хью Холманмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін қарастырды. Әсіресе, Қазақстанда орман шаруашылығы, су ресурстары және логистика бағыттары бойынша жаңа форматтағы колледждер ашу бастамасына ерекше көңіл бөлінді.

Жобалар инвестициялар тарту есебінен жүзеге асырылмақ. Бұл заманауи білім беру бағдарламаларын енгізуге, жастардың мүмкіндіктерін кеңейтуге және ұлттық әрі халықаралық деңгейде сұранысқа ие мамандар даярлауға жол ашады.

Әңгімелесушілер аталған жұмыстың экономиканың негізгі салаларында кадрлық әлеуетті дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар техникалық және кәсіптік білім беру саласында жүйелі өзара қатынасты жалғастыруға және екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екенін растады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -