Қазақстан Тәжікстанға $1,65 млн көлемінде отын бөлді

990
Фотосурет: KazAID

Қазақстан Тәжікстанға KazAID желісі бойынша 5000 тонна мазут жеткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

2025 жылғы 30 қыркүйекте Душанбеде тәжік тарапына гуманитарлық көмекті тапсыру рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшісі У.Төреханов Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттіктің басшылығына 5 мың тонна мазутқа сертификат табыс етті.

Қазақстандық дипломат өз сөзінде екі елдің стратегиялық қатынастары аясында Қазақстан басшылығы Тәжікстан Республикасына 893,7 млн. теңгеге (шамамен 1,65 млн.) гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдағанын атап өтті.

Гуманитарлық көмек «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің ықпалдасуымен көрсетілді және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, тату көршілік пен қазақ-тәжік ынтымақтастығына тән өзара табыстың көрінісіне үлес болып табылады.

Соңғы 5 жылда қазақ тарапы Тәжікстанға жеткізген гуманитарлық көмегінің көлемі 21 млн. АҚШ доллардан асты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -