Орта дәліздің маңызы артып келеді: қатысушы елдер жаңа келісімдерге қол қойды

924
Фотосурет: Gov

Орта дәліз елдері делегация басшыларының отырысы аясында маңызды келісімдерге қол қойылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Алматы қаласында өткен New Silk Way форумының алаңында Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ, Орта дәліз) елдері делегация басшыларының отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, Түркия Республикасының Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадыр Уралоғлу, Әзербайжан Республикасының Цифрлық даму және көлік вице-министрі Рахман Гумматов және Грузияның Экономика және тұрақты даму вице-министрі Геннадий Арвеладзе қатысты.



Кездесу барысында тараптар Орта дәліздің стратегиялық маңызын атап өтіп, көлік байланысын дамытудың, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің және дәліздің халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттырудың перспективаларын талқылады.



Отырыстың қорытындысы бойынша келесі маңызды құжаттарға қол қойылды:

  •  ТХКБ-ға қатысушы елдер делегация басшылары кездесуінің Хаттамасы;
  •  Қазақстан, Әзербайжан және Грузия темір жол әкімшіліктерінің келісілген іс-қимылдарын қарастыратын Орта дәліздегі «тар» жерлерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспары;
  • ЕҚҚДБ мен «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» АҚ арасындағы порт инфрақұрылымын қаржыландыру және STS-крандар сатып алу жөніндегі келісім.

Қол жеткізілген уағдаластықтар қатысушы елдердің ынтымақтастығын нығайтуға және Орта дәліздің транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған. Бұл дәліз өңірлік тұрақты дамудың және жаһандық логистикалық тізбектердің маңызды бөлігіне айналуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -