Мұхаммед бен Салман Қазақстан Елшісінің сенім грамоталарын қабылдады

1001
Фотосурет: Gov

Қазақстан Елшісі Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагеріне сенім грамоталарын табыстады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагері, Премьер-министрі ханзада Мұхаммед бен Салман Әл Саудқа сенім грамоталарын табыс етті.

Салтанатты рәсім барысында Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізіп, Қазақстанның Сауд Арабиясымен жан-жақты әрі өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендігін атап өтті.

Өз кезегінде Корольдіктің тақ мұрагері Қазақстанға және Мемлекет басшысына деген құрметі ерекше екенін атап өтіп, екіжақты байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге мүдделілік танытты және Қазақстан Президентіне өз сәлемін жеткізді. Сондай-ақ ханзада Мұхаммед бен Салман сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделілігін атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -