Қазақстан Грекияда өткен форумда аграрлық әлеуетін таныстырды

12815
Фотосурет: Gov

Грекия Қазақстанмен аграрлық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин 300 астам бизнес-қауымдастықтар, мемлекеттік органдар, кәсіпкерлер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірушілері мен кооперативтердің өкілдерін жинақтаған «Thessaly AgriBusiness Forum-2025» халықаралық форумына қатысты.

Өз сөзінде Елші ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының стратегиялық маңызды саласы екенін атап өтті. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес агросекторды технологиялық, ғылыми және инновациялық шешімдерді енгізу, процестерді автоматтандыру және жасанды интеллектті қолдану арқылы экономикалық өсудің негізгі драйверіне айналдыру міндеті тұрғанын жеткізді.

Қазақстанның әлемдегі ең ірі егістік алқаптары мен жайылымдары бар ел ретінде тек шикізат өндіруде ғана емес, сонымен қатар Еуразиялық Экономикалық Одақ және көрші мемлекеттердің нарығына шығумен бірге ел аумағында қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуда зор әлеуетке ие екені айтылды.

Елші грек компанияларын бірлескен кәсіпорындар құруға және грек технологиялары мен тәжірибесін пайдалана отырып, Қазақстанда өндірістерді жергілікті деңгейде орналастыру мүмкіндіктерін қарастыруға шақырды.

Сонымен қатар Қазақстаннан дәнді дақылдар мен бидайды, сондай-ақ экологиялық таза өнімдерді экспорттауды ұлғайту перспективаларына ерекше назар аударылды. Сауда байланыстарын дамыту үшін логистикалық бағыттар мен инфрақұрылымды, соның ішінде Орта дәлізді жетілдірудің маңызы аталып өтті.

Фессалия өңірінің губернаторы Димитриос Куретас өз сөзінде Фессалияны Грекияның «азық-түлік қоржыны» болғандықтан, оның бай аграрлық мұрасы мен Қазақстанмен ынтымақтастықтағы зор мүмкіндіктерін, әсіресе тұрақты даму мен агроөнеркәсіптік кешенді жаңғырту бағыттарына ерекше назар аударды.

Форум аясында Қазақстанның халықаралық имидждік «Born Bold» кампаниясы таныстырылып, елдің серіктестікке ашықтығы мен шетелдік инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ұсынуға дайын екені көрсетілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -