Қазақстан мен Тәжікстан бауырластық пен өзара сенім рухында стратегиялық диалогты дамытып жатыр

1573
Фотосурет: Akorda

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Президенттер Қазақстан мен Тәжікстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға бейіл екендерін растады.

Тараптар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толық жүзеге асырудың маңызына тоқталды.

Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға «Орталық Азия – Ресей» саммитін, сонымен қатар ТМД Мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын табысты өткізуге тілектестік білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -