ТМД елдерінің прокуратуралары қылмыспен және заңсыз көші-қонмен бірлесіп күресуге келісті

1320
Фотосурет: Gov

Душанбе қаласында өткен ТМД мемлекеттерінің Бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің 35-отырысына Қазақстан прокуратурасы қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.


 
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы делегациясы Бас Прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтің басшылығымен Душанбе қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің бас прокурорларының Үйлестіру кеңесінің 35-отырысына қатысты.

Іс-шараға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан прокуратураларының басшылары мен өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қылмысқа қарсы іс-қимыл, азаматтардың құқықтарын қорғау және прокурорлық қадағалаудың өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ прокуратура органдары қызметінің цифрландырылуы бойынша тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.

Ғалымжан Қойгелдиев азаматтардың өтініштерін қараудың ашықтығы мен жеделдігін арттыруға бағытталған цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу жөніндегі қазақстандық тәжірибені таныстырды.

Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар шешімдер қабылданып, ТМД мемлекеттері Бас прокуратураларының заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылды.

Аталған келісім аймақтық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі құқықтық және ұйымдастырушылық шараларды реттейді.

Үйлестіру кеңесінің жұмысы аясында прокуратура органдарының басшылары Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті. Мемлекет басшысы прокуратура органдарының заң үстемдігін қамтамасыз етудегі, өзара сенімді нығайтудағы және ТМД мемлекеттеріарасындағы серіктестікті дамытудағы маңызды рөлін атап өтті.

Сонымен қатар Ғалымжан Қойгелдиев бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, құқықтық көмек көрсету және жекелеген қылмыстық істер бойынша өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -