Қасым-Жомарт Тоқаев Кэтрин Конноллиді Ирландия Президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Сіздің басшылығыңызбен Ирландия дамудың даңғыл жолын жалғастыратынына сенімдімін. Астана мен Дублин арасында шынайы достық пен өзара қолдауға арқа сүйеген ұзақмерзімді серіктестік орнаған. Өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, қос халықтың игілігіне қызмет ететін жаңа мүмкіндіктерге жол ашу үшін Өзіңізбен бірлесіп күш-жігер жұмсауға дайынмын Деп жазылған жеделхатта