АҚШ Конгресі Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін жоғары бағалады

1144
Фотосурет: Oleksii Liskonih / Getty Images

АҚШ Конгрессі Өкілдер палатасының мүшелері Билл Хайзенга (Мичиган штаты), Роберт Адерхольт (Алабама), Джимми Панетта (Калифорния) және Том Суоззи (Нью-Йорк), Сидней Камлагер-Дав (Калифорния) АҚШ Конгресінің ресми бюллетенінде Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған мәлімдемелер жариялады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Өз сөздерінде конгрессмендер Қазақстанды АҚШ-тың сенімді және стратегиялық серіктесі ретінде атап өтіп, елдің бейбітшілік, тұрақтылық және өркендеу жолындағы табыстарын жоғары бағалады.

АҚШ заң шығарушылары Қазақстанның саяси және экономикалық реформаларын, демократиялық институттарды нығайту және ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған батыл қадамдарын ерекше атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның ядролық қарусыздану, бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді ілгерілетудегі жетекші рөлін жоғары бағалады.

Мәлімдемелерде америкалық «Chevron» және «Wabtec» компанияларымен бірлескен ірі жобалар ерекше аталып өтті. Бұл серіктестік АҚШ-Қазақстан экономикалық ынтымақтастығының өзара тиімді және ұзақ мерзімді сипатын айқындайды.

Барлық конгрессмендер Қазақстанға тұрақты қалыпты сауда қатынастары (PNTR) мәртебесін беру және Джексон-Вэник түзетуін жою қажеттігін қолдады. Бұл қадам екі ел арасындағы сауда мен инвестиция әлеуетін толық ашуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар АҚШ Конгресінің мүшелері өз мәлімдемелерінде екі ел арасындағы достық, өзара құрмет және ортақ мүдделерге негізделген ұзақ мерзімді серіктестіктің маңызын тағы да растады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -