Қазақстан мен Ресей жоғары деңгейдегі кездесуге дайындалып жатыр

1320
Фотосурет: Akorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әңгімелесу барысында Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындық мәселесі талқыланды.

Мемлекеттер басшылары Мәскеуде өтетін келіссөздер екі елдің стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастарын одан әрі дамыту тұрғысынан айрықша маңызды екеніне назар аударды.

Сонымен қатар әлемдегі қазіргі ахуалдың кейбір аспектілері қарастырылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -