Қазақстан Таиланд пен Камбоджаның әлем көшбасшыларының арағайындығымен бейбітшілікке қадам басуын құптайды

1265
Фотосурет: © Getty Images / Andrew Harnik

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2025 жылғы 25-28 қазанда Куала-Лумпурда өтіп жатқан Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының (АСЕАН) 47-ші саммиті аясында АҚШ Президенті Дональд Трамптың және Малайзияның Премьер-министрі Анвар Ибрагимнің тікелей қатысуымен Таиланд Корольдігі мен Камбоджа Корольдігі арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі бірлескен декларацияның қол қойылуын құптайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Оңтүстік Шығыс Азия өңірінде бейбітшілік пен тұрақтылықты қалпына келтіруге бағытталған тараптардың күш-жігерін жоғары бағалайды. Қол жеткізілген уағдаластықтар БҰҰ Жарғысының негізгі қағидаттарына, қауіпсіздік пен өркендеуді қамтамасыз етуге бейілділікті көрсетеді, сондай-ақ кез келген дауларды реттеуде дипломатиялық шешімдердің баламасыздығын дәлелдейді.

Осы Бірлескен декларацияның қол қойылуы Таиланд пен Камбоджа арасындағы достық және тату көршілік қатынастардың одан әрі нығаюына берік негіз қалайтынына және де АСЕАН аясындағы өңірлік ынтымақтастықты тереңдетуге өз үлесін қосатынына сенімдіміз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -