Woosong University Қазақстандағы қатысу аясын кеңейтуде — әріптестіктің жаңа кезеңі

1562
Фотосурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Woosong білім беру қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы Ким Сонг Кёнгты қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда Woosong университетінің әлемдік білім беру талаптарына сай келетін филиалын ашқаны үшін Ким Сонг Кёнгке ризашылығын білдірді.

Президент филиалдың ашылуы білім беру ғана емес, Қазақстан мен Оңтүстік Корея халықтарын мәдени жақындастыру тұрғысынан ерекше мәнге ие жоба екенін атап өтті.

Ким Сонг Кёнг Азияға, сондай-ақ әлемге белгілі білім және ғылым үздіктерінің бірі саналатын Woosong University Қазақстанның зияткерлік әлеуетін нығайтуға ықпал ететінін жеткізді.

Әңгімелесу барысында адам капиталын дамыту, білім беру сапасын арттыру, ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект салаларында біліктілігі жоғары инженерлер, сұранысқа ие мамандар даярлау мәселелері талқыланды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -