Қазақ триатлоншылары Акаба қаласында өткен Азия чемпионатында табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қазақ триатлоншылары Акаба қаласында өткен Азия чемпионатында табысты өнер көрсетті
31 қазанда Иорданияның Акаба қаласында U23 және U19 жас санаттары бойынша Азия чемпионаты өтті. Қазақстан құрамасының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, құрлықтың үздік атлеттері қатарынан көрінді.

U23 ерлер арасында
    •    Егор Крупяков — 3 орын (Түркістан облысы)
    •    Александр Тен — 4 орын (Алматы қ.)
    •    Арлан Жанабай — 5 орын (Ақмола облысы)
    •    Максим Шмулич — 6 орын (Ақмола облысы)
U19 ерлер арасында
    •    Елмұрат Қанай — 5 орын (Астана қ.)
    •    Қуаныш Бекенов — 7 орын (Астана қ.)
    •    Илья Крупяков — 13 орын (Түркістан облысы)

U19 қыздар арасында
    •    Диана Ержанова — 3 орын (Астана қ.)
Қазақстандық триатлоншылар жоғары дайындық деңгейін және халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеді. Қазақстан триатлон федерациясы спортшылар мен бапкерлерді сәтті өнер көрсетулерімен құттықтайды және ел намысын лайықты қорғағандары үшін алғыс білдіреді.

 
                                             
                                                             
                                                             
                                                             
                                                            