ОАР-да Қазақстанның инвестициялық әлеуеті таныстырылды

990
Фотосурет: Gov

Қазақстанның инвестициялық және экономикалық мүмкіндіктері Оңтүстік Африка бизнесмендеріне таныстырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

 Оңтүстік Африка астанасында Қазақстанның инвестициялық әлеуеті мен екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын таныстыруға арналған дөңгелек үстелде кездесу өтті. Іс-шараға Оңтүстік Африка, Намибия және Мозамбиктің іскер топтары, инвестициялық құрылымдар мен БАҚ-тың өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшісі Еркін Ахинжанов Қазақстан ұлттық экономикасының тұрақтылығын нығайтуға және инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған ауқымды саяси және экономикалық реформаларды дәйекті түрде жүзеге асырып жатқанына тоқталды. Қазақстандық дипломат мемлекет дамуының стратегиялық басымдықтары ретінде инновациялар мен технологияларды дамыту, экономиканы әртараптандыру және халықаралық серіктестермен белсенді ынтымақтастық орнату екенін ерекше атап өтті.

Елші қатысушыларды Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарымен жан-жақты таныстырып, көлік-логистикалық инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, туризм, металлургия және тау-кен өнеркәсібі сияқты салалардың жоғары әлеуетіне тоқталды. Сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) мүмкіндіктері мен инвесторларға кең ауқымды жеңілдіктер мен қолдау тетіктерін ұсынатын арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар жүйесіне ерекше назар аударылды.

Іс-шарада бизнес өкілдері одан әрі өзара іс-қимылдың нақты бағыттарын талқылады. Тараптар серіктестікті дамытуға және өзара тиімді жобаларды іске асыруға бағытталған мазмұнды диалогты жалғастыруға мүдделілік білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -