Дубайдың Экономика және туризм департаменті (DET) Алматыда таныстырылым өткізіп, әмірліктің туризм, қонақжайлық және гастрономия салаларындағы негізгі жетістіктері мен жаңа мүмкіндіктерін ұсынды.
2025 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Дубай 9,88 миллион шетелдік қонақты қабылдады – бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға көп. Әмірлік әлемдегі ең сұранысқа ие бағыттардың бірі мәртебесін сақтап отыр: жоғары қауіпсіздік деңгейі, дамыған инфрақұрылым және ыңғайлы көлік қатынасы туристер үшін тартымды фактор болып қала береді. Қазақстан Дубай үшін басым нарықтардың бірі саналады: Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан тікелей рейстер мен визасыз режим қазақстандықтардың сапарын барынша ыңғайлы және қолжетімді етуде.
Шексіз әсерлер әлемі
Дубай демалыстың барлық түрін ұсынады – жағажай демалысынан мәдени саяхаттарға дейін. Ең танымал жағажайлар қатарында Kite Beach, Jumeirah Beach, JBR, Sunset Beach және Palm Jumeirah бар. Олар отбасыларға да, спорт сүйер қауымға да, тыныштықты қалайтындарға да қолайлы. Стиль мен жайлылықты ұнататындар үшін әлемдік деңгейдегі жағажай клубтары мен бассейндер жұмыс істейді – Cloud 22 (Atlantis The Royal), Casablanca Beach Club, J1 Beach, Address Beach Resort және тағы басқалары.
Эмирліктің мәдениетімен танысқысы келетіндер үшін тарихи Аль-Фахиди ауданына, шейх Мұхаммед өзара түсіністік орталығына (SMCCU), дәстүрлі базарларға және шөлдегі сафари-саяхаттарға баруға болады. Отбасылық демалысқа арналған орындар да жеткілікті: Dubai Parks and Resorts, Safari Park, көбелектер бағы, гүлдер паркі мен түрлі аквапарктер. Дубай әлемнің шопинг астанасы мәртебесін сақтап келеді – Dubai Mall, Mall of the Emirates, Outlet Mall және City Walk сауда орталықтарында кез келген талғам мен бюджетке сай брендтер ұсынылған.
Visit Dubai
2025 жылдың жаңалықтары
Эмирлік қонақүй саласын белсенді дамытуды жалғастыруда. Жаңа ашылған нысандардың ішінде – Jumeirah Marsa Al Arab, Cheval Maison, The Biltmore Hotel Villas, Vida Dubai Mall және экологиялық бағыттағы Al Marmoom Domes глэмпингі бар. Алдағы айларда Mandarin Oriental Downtown және Rixos Dubai Islands қонақүйлерінің ашылуы жоспарланған. Бұл Rixos желісінің Dubai Islands жасанды аралдарындағы алғашқы курорты болмақ.
Көпшіліктің назарын Ciel Dubai Marina жобасы аударуда – 82 қабатты, 377 метр биіктіктегі бұл қонақүй қаладағы сәулет жауһарларының бірі болады. Мұнда мыңнан астам бөлме мен Palm Jumeirah және Араб шығанағына көрініс беретін панорамалық терезелер қарастырылған. Жақын уақытта ZUHHA Island by Zaya атты сәнді курорт та есігін айқара ашпақ.
Гастрономия орталығы
2025 жылы Дубай әлемдік гастрономия астанасы ретіндегі беделін нығайтты. Эмирлікте жаңа мейрамханалар ашылды: Three Bros, Ostura, Carbone, Woohoo және Gerbou – олар жергілікті дәстүр мен заманауи кулинарлық тәсілді үйлестіріп отыр. Michelin Guide Dubai 2025 басылымының төртінші нұсқасы 35 түрлі әлемдік асхананы ұсынатын 119 мейрамхананы қамтыды. Ал FZN by Björn Frantzén және Trèsind Studio мекемелері алғаш рет үш жұлдызды Michelin иегері атанды. The World’s 50 Best Restaurants 2025 беделді рейтингінде Trèsind Studio 27-орынды (аймақтағы үздік), ал Orfali Bros 37-орынды иеленді.
mediaoffice.ae
Жаңа ойын-сауықтар мен оқиғалар
Дубай ойын-сауық индустриясында да көш бастап тұр. Жаңа нысандардың ішінде – иммерсивті ARTE Museum және House of Hype арт-кеңістіктері, интерактивті The Messi Experience көрмесі, Heritage Express экскурсиялық автобусы, жаңартылған Dubai Fountain шоуы және қайта іске қосылған Ain Dubai шолу дөңгелегі бар.
Қысқы маусымда екі ірі шара өтеді – Dubai Fitness Challenge (1–30 қараша) және Dubai Shopping Festival (2025 жылғы 5 желтоқсан – 2026 жылғы 11 қаңтар). Бұл іс-шаралар жыл сайын мыңдаған қонақты, соның ішінде Қазақстаннан келген туристерді де тартады.
Шабыт пен жайлылық мекені
Заманауи инфрақұрылым, жоғары қауіпсіздік деңгейі, бай мәдени өмір және түрлі ойын-сауық мүмкіндіктері Дубайды қазақстандық саяхатшылар үшін мінсіз бағытқа айналдырады – отбасылық демалыс болсын, романтикалық демалыс күндері немесе жылдың кез келген мезгілінде шабыт сыйлайтын сапар болсын.