Әлемдік көшбасшылар саммиті аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі энергетикалық көшу мәселелеріне арналған жоғары деңгейлі дөңгелек үстелге қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Халықаралық энергетикалық агенттікпен, IRENA-мен, Еуропалық қайта құру және даму банкімен, Азиялық даму банкімен, сондай-ақ Климат және таза ауа жөніндегі коалициямен (CCAC) белсенді ынтымақтастық орнатқан.

Бұл әріптестік білім мен тәжірибе алмасуға, озық технологияларды енгізуге және әділ энергетикалық көшу үдерісін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шешімдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
