Қазақстан ITF OECD форумында инфрақұрылымды дамыту бастамаларын ұсынды

2244
Фотосурет: Gov

Ташкент қаласында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Халықаралық көлік форумы (ITF OECD) мен Өзбекстан Республикасының Көлік министрлігі ұйымдастырған Азия елдерінің 4-ші жоғары деңгейлі диалогы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев көлік инфрақұрылымына инвестиция тарту және оны дамыту тақырыбына арналған министрлердің дөңгелек үстелінде баяндама жасады.

Жоғары деңгейдегі кездесуге Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Пәкістан және Түркия көлік ведомстволарының басшылығы, ITF бас хатшысы және өзге де халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар «Ашық Еуразия» атты жаңа бастаманы іске қосу жөнінде ұсыныс білдірді. Бұл бастама көлік жобалары туралы ашық ақпарат алмасуға және деректермен бөлісуге арналған бірлескен чат немесе цифрлық платформа құруды көздейді.

Өз кезегінде ITF Орталық Азия аймағына ерекше назар аударып келеді. Атап айтқанда, SIPA бағдарламасын әзірлеу шеңберінде 2025 жылғы 25 шілдеде аталған бағдарламаның соңғы нұсқасы ITF сайтында жарияланды.

Диалог барысында барлық қатысушы тараптар Орталық Азияның көлік әлеуетін арттыру және өңірлік әріптестікті нығайту мақсатында жаңа бастамаларды іске қосудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -