Президенттер келіссөздердің және Қазақстан мен Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев келесі құжаттарға қол қойды:
1. Жоғары мемлекетаралық кеңестің Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы өңірлері басшыларының кеңесін құру туралы шешімі;
2. Жоғары мемлекетаралық кеңестің геология және сирек кездесетін металдарды өндіру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы шешімі;
3. Жоғары мемлекетаралық кеңестің трансшекаралық өзендердің су деңгейін болжау бойынша екіжақты жұмыс тобын құру туралы шешімі;
![]()
Сондай-ақ мемлекеттер басшыларының қатысуымен мынадай үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарды алмасу рәсімі өтті:
4. Қазақстан Республикасы Үкіметі және Өзбекстан Республикасы Үкіметі арасында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының азаматтық мақсаттағы жерүсті радио қызметтері пайдаланатын радиожиілік иеленімдерін шекара маңы аймақтарында үйлестіру туралы келісім;
5. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметі арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісім;
6. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметі арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және пайдалану туралы келісім;
7. Қазақстан Республикасы Үкіметі және Өзбекстан Республикасы Үкіметі арасында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы кеден қызметтерінің өкілдіктерін ашу туралы келісім;
8. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастықтың 2026 - 2027 жылдарға арналған бағдарламасы;
9. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Тау-кен өнеркәсібі және геология министрлігі арасындағы тау-кен өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандум;
10. Бірлескен инвестициялық платформа құру туралы негіздемелік келісім;
11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы «Гамма-пышақ» стереотаксикалық радиохирургиялық емдеу технологиясын қолдана отырып, мамандандырылған медициналық көмек көрсету саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
12. Қазақстан Республикасы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік медициналық сақтандыру қоры арасындағы мемлекеттік және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум;
13. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті мен Өзбекстан Республикасы Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі Туризм комитеті арасында туризм саласындағы ынтымақтастықтың 2026 - 2027 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары;
14. Астана қаласы әкімдігі мен Ташкент қаласы хокимияты арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
15. «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ мен «ӨзбекМұнайГаз» АҚ арасындағы мұнай-газ химиясы саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыру туралы негіздемелік келісім;
16. «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ мен «ӨзбекМұнайГаз» АҚ арасындағы «Жарқын» барлау жобасы бойынша қағидаттар туралы келісім;
17. «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Өзбекстан Жастар одағы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.










