Сыртқы істер министрлері Ташкентте өтетін ОКММКС саммитінің күн тәртібін келісіп бекітті

583
Фотосурет: Gov

Қазақстан СІМ басшысы Орталық Азия мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуінің жетінші отырысына дайындық аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Орталық Азия елдері сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысты.

Іс-шараға Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев, Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов, Түрікменстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Сердар Мухаметдурдыев, сондай-ақ құрметті қонақ ретінде шақырылған Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов қатысты.

Іс-шара барысында тараптар өзара іс-қимылды тереңдету мүмкіндіктерін қарастырып, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Өз сөзінде Қазақстан СІМ басшысы Орталық Азия мемлекеттері басшылары арасындағы саяси жігер мен тұрақты сенімді диалогтың нәтижесінде бесжақты форматтағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті.

«Қазақстан өңірлік өзара іс-қимылды одан әрі нығайту жолдарын қолдайды және Орталық Азияның саяси тұрақты, экономикалық орнықты әрі қауіпсіз дамуына мүдделі» Ермек Көшербаев

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар 2025 жылғы 16 қарашада Ташкентте өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуінің жетінші отырысының күн тәртібі мен қорытынды құжаттар топтамасын келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -