Токио қаласында қазақ-жапон ынтымақтастығының жаңа бағыттары талқыланды

462
Фотосурет: Gov

Қазақстан мен Жапония парламентаралық диалог пен стратегиялық серіктестікті нығайтуда, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстанның Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Жапония Парламенті Кеңесшілер палатасының Президенті Масаказу Сэкигучимен келіссөздер жүргізіп, оның барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.

Елші Қазақстанмен Жапония арасындағы «Кеңейтілген стратегиялық әріптестікті» жандандыруға бағытталған Қазақстан тарапының негізгі бастамалары туралы егжей-тегжейлі таныстырып, «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» саяси формуласына сәйкес ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің саяси жүйесін жаңғырту бойынша күш-жігері жөнінде сұхбаттасушыны хабардар етті.

Өз кезегінде М.Сэкигучи Қазақстанның халықаралық аренадағы белсенді рөлін жоғары бағалады. Ол екі мемлекеттің заң шығарушы органдары арасындағы сенімді диалогты нығайту үшін Жапонияның Қазақстанмен және Орталық Азиямен Достық парламенттік лигалары қызметінің маңыздылығын атап өтті. Бұдан басқа, жапон саясаткері өзара қызығушылық тудыратын негізгі салаларда қазақ-жапон ынтымақтастығын кеңейту қажеттігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2026 жылы парламенттік делегациялардың өзара сапарларын ұйымдастыру туралы уағдаласты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -