Қазақстанның Қорғаныс министрі Түркияға ресми сапармен барды

583
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Түркия Республикасына ресми сапармен барып, бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Министр әскери объектілерді, оқу мекемелерін және қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарын аралады.

Сапар «Анытқабыр» мемориалдық кешеніндегі Мұстафа Кемал Ататүрік ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.

Осыдан кейін Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы мен Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер арасында келіссөздер өтті. Тараптар өзара мүдделі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады.

Бұдан өзге, Түркия Қарулы күштері Бас штабының бастығымен де кездесу өтті.

Екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери ғылым, білім, жауынгерлік даярлық және әскери-техникалық саладағы өзара іс-қимыл әскери ынтымақтастық туралы екіжақты келісім негізінде жүзеге асырылып келеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -