Қазақстан мен БАӘ дипломаттары шарттық-құқықтық ынтымақтастықты дамытуға келісті

396
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің сыртқы істер министрліктерінің халықаралық құқық департаменттері арасында алғашқы консультациялар өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараға қазақ тарапынан ҚР СІМ Халықаралық құқық департаментінің директоры Дастан Сүлейменов, ал әмірлік тарапынан БАӘ СІМ Халықаралық-құқықтық департаментінің директоры Абдулла Хамдан Әлнакби қатысты.

Кездесу барысында тараптар екі мемлекет арасындағы шарттық-құқықтық базаның түгендеуін жүргізіп, оны одан әрі дамыту жөніндегі жоспарларды талқылады. Сонымен қатар құқықтық қызметтер өзекті халықаралық-құқықтық мәселелер жөнінде пікір алмасып, халықаралық шарттарды жасасу мәселелері бойынша тәжірибемен бөлісті.

Дипломаттар шарттық-құқықтық базаны дамыту жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті және келесі кездесуді Астанада өткізуге уағдаласты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -