Прага–Санья тікелей әуе рейсі 2025 жылы іске қосылады

2277
Фотосурет: Gov

Прагада SCAT Airlines компаниясының Прага–Санья жаңа әуе бағыты таныстырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Чехия астанасында Қазақстандық «SCAT Airlines» әуе компаниясы жүзеге асыратын Прага–Санья тікелей әуе рейсінің іске қосылуына арналған семинар өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылып, оған Чехия Өнеркәсіп және сауда министрлігінің өкілдері, Қытай Халық Республикасының Чехиядағы Елшілігі, жетекші чех туроператорлары, бизнес қауымдастық пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев өз сөзінде Прага-Санья бағытының ашылуы Қазақстан, Чехия және Қытай арасындағы әуе қатынасының географиясын кеңейту және практикалық ынтымақтастықты тереңдету жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті. Ол аталған бағыттың Қазақстанның Еуропа мен Азияны байланыстыратын көлік-логистикалық хаб ретіндегі өсіп келе жатқан рөлін айқын көрсететінін, сондай-ақ туристік және іскерлік белсенділікті арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашатынын а тоқталды.

Елші соңғы бір жыл ішінде Қазақстан мен Чехия арасындағы әуе қатынасының тұрақты өсім көрсеткенін, оның Астана-Прага бағыты бойынша рейстер жиілігінің артуынан көрініс тапқанына назар аударды. Осыған байланысты Прага-Санья рейсінің іске қосылуы өзара сапарлар мен ынтымақтастықтың әлеуетін күшейтетін, сондай-ақ туризмді дамытуға, кәсіпкерлер арасындағы байланыстарды нығайтуға және үшжақты өзара іс-қимылдың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған уақтылы әрі қисынды қадам болып табылады.

«SCAT Airlines» компаниясының өкілдері семинар барысында жаңа бағыттың кестесі, маршрут ерекшеліктері және халықаралық рейстер желісін одан әрі дамыту жоспарлары туралы баяндады.

2025 жылғы 21 желтоқсаннан бастап, аптасына бір рет орындалатын жаңа рейс чех туристерінің Қытайға сапарын жеңілдетеді және Орталық Еуропаның Азия-Тынық мұхиты өңірі жолаушылары мен серіктестері үшін тартымдылығын арттыра түседі.

Іс-шара Қазақстанның Еуропа мен Азияны жалғап тұрған маңызды көпір ретіндегі артып келе жатқан стратегиялық рөлін тағы да айқындады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -