Қазақстан мен АҚШ энергетикалық диалогты және ірі бірлескен жобаларды дамытып жатыр

946
Фотосурет: Gov

Энергетика министрлігі мен АҚШ Елшілігі стратегиялық ынтымақтастық бағыттарын талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Астанада ҚР Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов пен Қазақстандағы АҚШ-тың уақытша сенімді өкілі Дебора Робинсон арасында кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Санжар Жаркешов жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесі үшін АҚШ-қа алғыс білдіріп, Қазақстан мен АҚШ арасындағы энергетикалық диалогты дамытудағы тұрақты серіктестікті атап өтті.

Кездесуде «Chevron» және «ExxonMobil» компанияларымен табысты ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Бірлескен жобалар ірі мұнай-газ кен орындарын игеруден бастап геологиялық барлау, газ инфрақұрылымын кеңейту және өндірістік қуаттарды арттыру сияқты бірқатар бағыттарды қамтиды.

Сонымен қатар, экспорттық-логистикалық мәселелер мен көмір өнеркәсібіндегі ынтымақтастық перспективалары, соның ішінде көмір химиясын дамыту тақырыптары талқыланды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -