Қазақстан мен Аустрия инвестициялық және сауда әріптестігін күшейтіп келеді

1122
Фотосурет: UKIMET

Үкіметте Қазақстан мен Аустрия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр аустриялық іскер топтарының өкілді делегасиясымен келген Аустрия Республикасы Федералдық Парламенті Ұлттық кеңесінің екінші президенті Петер Хаубнермен кездесті.

Тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Аустрия қарым-қатынастарын одан әрі жан-жақты дамытудың маңыздылығын атап өтіп, екіжақты ықпалдастық бойынша пікір алмасты.

Екі ел арасындағы экономикалық, ауыл шаруашылығы, экологиялық, өнеркәсіптік, техникалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның, сондай-ақ сауда-инвестициялық әріптестікті нығайтудағы Іскерлік кеңестің шешуші рөлі атап өтілді.

Осы тұрғыда Р.Скляр энергетика, машина жасау, агроөнеркәсіптік кешен, инфрақұрылым салаларындағы байланыстарды тереңдету әлеуетіне ерекше назар аударды.

Өз кезегінде Аустрия Федералдық Парламенті Ұлттық кеңесінің екінші президенті Аустрия мен Қазақстан арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары серпінін сақтауға мүдделілік танытты.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары аустриялық делегацияны еліміздегі жүргізіліп жатқан реформалар, Еуропа Одағымен қатынастарды кеңейту, экономиканы әртараптандыру бойынша нақты қадамдар, сондай-ақ Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тарту және бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы хабардар етті.

Р.Скляр екіжақты әріптестіктің жоғары деңгейін және ірі аустриялық компаниялардың қазақстандық нарықтағы табысты тәжірибесін атап өтіп, екі ел арасындағы іскерлік белсенділікті кеңейтуге шақырды.

Кездесу соңында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екендіктерін растады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -