Қазақстан халықаралық алаңдарда активтерді қайтарудың тиімді тетіктерімен бөлісті

1100
Фотосурет: Gov

Қазақстан прокурорлары халықаралық ұйымдардың іс-шараларына қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

2025 жылғы қарашада Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің өкілдері серіктестікті нығайту мақсатында бірқатар халықаралық іс-шараларға: ресми кездесулерге, семинарлар мен конференцияларға қатысты.

Іс-шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, активтерді қайтару және оларды қайта пайдалану тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ қылмыстық істерді тергеуде жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселелеріне арналды.

Шетелдік құзыретті органдардың спикерлері мен халықаралық сарапшылар қылмысқа қарсы күрестегі табысты кейстермен және тиімді өзара іс-қимыл тәсілдерімен бөлісті.

Комитет өкілдері ведомство жұмысының нәтижелерін таныстырып, қайтарылған қаражаттың ел дамуына бағытталуы жөнінде ақпарат берді.

Ел бойынша әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртуға, мектептер, ауруханалар және өзге де нысандардың құрылысы мен жаңарту жұмыстарына активтерді қайта инвестициялау тәжірибесі қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Халықаралық ұйымдармен бірлесіп өткізіліп отырған іс-шаралар активтерді қайтару саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және озық тәжірибемен алмасуға ықпал етеді. 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -