Монако Князі Өңірлік климаттық саммитке шақырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Монакоға жұмыс сапары аясында Қазақстанның Франциядағы және Монакодағы қоса атқарушы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Князь II Альбертің Халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Жюли Донати Аллеграмен, сондай-ақ Үкімет кеңесшісі – Сыртқы байланыстар және ынтымақтастық жөніндегі министрі Изабель Берро-Амадеймен келіссөздер жүргізді.

Кездесу барысында Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылы Астанада өтетін Өңірлік климаттық саммитке қатысу үшін Князь II Альбертке арналған ресми шақыруын тапсырды.

Сонымен қатар экономика, экология, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі екі елдің одан әрі өзара іс-қимылы қарастырылды.
Тараптар келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Монаконың өзара серіктестігін кеңейту мен нығайтуға ортақ ниеттерін білдірді.