Қазақстан Балқанда өз қатысуын күшейтіп келеді

1056
Фотосурет: Gov

Сербияда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сербия Республикасының Ябланички және Пчински округтерінде (Сербияның Оңтүстік-Шығысы) Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға Сербия Сыртқы істер министрінің орынбасары Наташа Рашевич, Лесковац пен Вранье қалаларының басшылары, түрлі ведомстволар мен дін өкілдері, сондай-ақ, болу елінің академиялық және іскер топтарының мүшелері қатысты.

Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов өз сөзінде Солтүстік Македония және Болгария сияқты мемлекеттермен жалғастыратын Сербияның стратегиялық маңызды көлік дәлізінде Қазақстанның Құрметті консулдығының ашылуы екіжақты экономикалық байланысты нығайтуға қосымша серпін беретінін атап өтті.

Өз кезегінде Н.Рашевич, Шығыс пен Батыстың тоғысқан нүктесінде орналасқан жаңа Қазақстан өкілдігі елдің бизнес өкілдерін өзара тиімді байланыс орнатуға ынталандыратынына сенім білдірді.

Предеяне қаласындағы Құрметті консул қызметіне белгілі серб кәсіпкері Кристина Стоянович тағайындалды.

Предеяне қаласындағы ҚР өкілдігі осымен Сербиядағы үшінші Құрметті консулдығы. Бұған дейін, 2023 жылы, Ужице қаласында ашылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -