Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бағытында тұрақты жұмыс жүргізуде.
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 15 желтоқсанынан бастап қазақстандық «SCAT» әуе компаниясы Шымкент – Тбилиси бағыты бойынша Грузияға жаңа әуе бағытын іске қосты. Рейстер аптасына 2 рет — дүйсенбі және жұма күндері — «Boeing 737 MAX 8» және «Boeing 737–800» типті әуе кемелерімен орындалады.
Аталған әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтілуде.