Қазақстан мен Жапония $3,72 млрд сомасына келісімдерге қол қойды

1276
Фотосурет: Akorda

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар іс-шараға Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичи, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

Жиын аясында «Жасыл даму және орнықтылық», «Цифрлық трансформация мен өзара байланыс», «Қаржы, адам ресурстары және бизнеске арналған әлеуметтік жүйені дамыту» секілді тақырыптық сессиялар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ Орталық Азия мен Жапонияның іскерлік орта өкілдері кездесулер өткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапары және «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумының қорытындысы бойынша қазақстандық тарап пен жапон бизнес құрылымдары арасында жалпы құны 3,72 миллиард доллар болатын 60-тан астам құжатқа қол қойылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -