Тоқаев қиын кезеңде Швейцария халқымен ынтымақтастығын білдірді

1034
Фотосурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Швейцария Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кран-Монтана тау-шаңғы курортындағы өрт салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Швейцария Конфедерациясының Президенті Ги Пармеланға көңіл айтты.

Қазақстан Президенті жақындарынан айырылған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, жарақат алған адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. Сондай-ақ еліміз осы қиын-қыстау сәтте Швейцария халқын қолдайтынын жеткізді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -