Қазақстандық пара биатлоншы Ербол Хамитов Германияда өтіп жатқан пара биатлоннан Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдеге қол жеткізді.
Gov
Ол LW12 класында 7,5 шақырымдық спринтерлік жарысты 22:09.1 уақыт нәтижесімен аяқтап, үздік үштікке енді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Gov
Аталған жарыста Қытай құрамасының спортшылары бас жүлделерді иеленді. Лиу Менгтао 21:09.6 нәтижесімен жеңімпаз атанса, Мао Джангву 21:22.9 көрсеткішімен күміс жүлдені алды.
Gov
Дегенмен Ербол Хамитовтың қола медалі Қазақстан құрамасы үшін маңызды нәтиже саналады.
Gov
Қазақстандық спортшылардың басқа нәтижелері
Осы спринтерлік қашықтықта өнер көрсеткен қазақстандық Сергей Усольцев 11-орынға тұрақтаса, Юрий Березин жарысты 13-орында аяқтады.
Gov
Ал LW6 класында ел намысын қорғаған Александр Герлиц мәреге 5-орынмен келіп, жүлдеге бір табан жақын болды.
Gov
Паралимпиадаға апарар маңызды кезең
Жарыстың маңызы ерекше. Себебі бұл кезең Милан–Кортина 2026 қысқы Паралимпиада ойындарына іріктеу жарысы болып есептеледі.
Gov
Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Василий Коломиец атап өтті.
Gov
«Алда ұлттық құраманы бірнеше іріктеу кезеңі күтіп тұр. Пара шаңғы жарысынан Әлем кубогы 14–18 қаңтар аралығында Германияның Финстерау қаласында өтеді. Ал 22 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Польшадағы Якушыце қаласында пара биатлон және пара шаңғы жарыстарынан Әлем кубогы кезеңі ұйымдастырылады. Басты мақсат – жоғары нәтиже көрсетіп, қысқы Паралимпиада ойындарына лицензия алу», – деді бас жаттықтырушы.
Халықаралық бәсеке Нотшрайда өтіп жатыр
Айта кетейік, пара биатлоннан әлем кубогының бұл кезеңі 8–11 қаңтар аралығында Германиядағы Нотшрай қысқы спорт орталығында өтуде. Дүбірлі додаға 17 елден 70-ке жуық спортшы қатысып жатыр.
Gov
Ербол Хамитовтың бұл жетістігі – Қазақстан пара спортының әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеген маңызды қадам әрі Паралимпиадаға жолдағы сенімді нәтиже.