Қазақстан мен Дубай денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты талқылады

792
Арман Қоржымбаев Бас редактор
Фотосурет: Gov

2026 жылғы 13 қаңтарда Дубай Денсаулық сақтау басқармасының Бас директоры Алави Әлшейх Алимен кездесу өтті. Кездесу барысында денсаулық сақтау саласындағы ықтимал ынтымақтастық бағыттары талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру, денсаулық сақтау жүйесін дамыту және заманауи тәсілдерді енгізу мәселелері бойынша пікір алмасты. Әсіресе цифрлық шешімдер, басқару тәжірибесі және халықаралық тәжірибе алмасу мүмкіндіктеріне назар аударылды.

Кездесу барысында Қазақстан мен Дубай арасындағы медициналық саладағы әріптестіктің әлеуеті жоғары екені атап өтілді. Ынтымақтастық аясында бірлескен жобаларды іске асыру, мамандар арасындағы кәсіби байланыстарды кеңейту және озық тәжірибелермен бөлісу мүмкіндігі қарастырылуда.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалогты жалғастыруға және денсаулық сақтау саласындағы нақты ынтымақтастық тетіктерін пысықтауға дайын екендерін білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -