ТүркПА Қазақстандағы конституциялық реформаларды қолдайтынын мәлімдеді

715
Арман Қоржымбаев Бас редактор
Фотосурет: Gov

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) Бас хатшысы Рамиль Гасан Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшілігінде болды. Кездесу барысында Қазақстандағы саяси реформалар, парламентаралық ынтымақтастық және түркі әлеміндегі өзара іс-қимылдың болашағы талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан ТүркПА-ға қолдауды жалғастырады

Қазақстанның Бакудағы Елшісі Әлім Байел қазақстандық тарап ТүркПА қызметіне ерекше мән беретінін атап өтті. Оның айтуынша, Ассамблея түркі мемлекеттері парламенттері арасындағы диалогты нығайтуда және ортақ саяси ұстанымдарды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Елші Рамиль Гасанды Бас хатшы қызметіне кірісуімен тағы да құттықтап, оның тағайындалуымен ТүркПА жұмысы одан әрі жетілдіріліп, мазмұндық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеріледі деген сенім білдірді. Сондай-ақ ол Қазақстанда әзірленіп жатқан конституциялық реформа туралы ақпарат берді.

Конституциялық өзгерістерге қолдау

Өз кезегінде Рамиль Гасан Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаларды қолдайтынын айтты. Әсіресе парламенттік жүйені қайта құруға бағытталған өзгерістердің маңыздылығына тоқталды.

Бас хатшы бұл реформалар мемлекеттік басқару тиімділігін арттырып, өкілді органдардың рөлін күшейтуге бағытталғанын атап өтті. Оның пікірінше, мұндай қадамдар елдегі саяси жүйенің тұрақтылығын нығайта түседі.

ТүркПА-ның ресми мәлімдемесі

Кездесу қорытындысы бойынша ТүркПА Қазақстандағы конституциялық реформаларға қатысты ресми мәлімдеме жариялады. Құжатта Ассамблея Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік институттардың негізін нығайтуға, басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға және өкілді институттарды дамытуға бағытталған бастамаларын жоғары бағалайды.

Сондай-ақ ТүркПА Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаттағы теңдестірілген ұстанымын, елдің түркі әлеміндегі стратегиялық рөлін ерекше атап өтті. Ассамблея тұрақты даму мен түркі мемлекеттері халықтарының әл-ауқаты жолында тәжірибе алмасуды және іс-қимылды үйлестіруді жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -