Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Мемлекет басшысы То Ламды партиядағы ең жоғары лауазымға қайта сайлануымен құттықтап, оның елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін атап өтті.
Жеделхатта Президент То Ламның басшылығымен Вьетнам тұрақты әрі кезең-кезеңімен даму бағытын жалғастыратынына сенім білдіріп, мемлекетті одан әрі нығайтуға бағытталған бастамаларды іс жүзінде жүзеге асыруда табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Вьетнам арасындағы достық және серіктестік қатынастардың маңызын атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізді.