Freedom Holding Corp. құрамына кіретін Freedom Finance компаниясының қағаздары енді ITS World индексінің эмитенттері қатарында

1089
Жан Арыстанұлы Редактор

ITS халықаралық сауда алаңы өзінің флагмандық ITS World индексін кезекті ребалансировкадан өткізу барысында қазақстандық эмитенттердің үлесін екі компаниядан бес компанияға дейін арттырды. 2026 жылғы 10 ақпаннан бастап индекс құрамына бірнеше ірі қазақстандық компаниялардың бағалы қағаздары енгізілді. Олардың қатарында:

  • Nasdaq биржасында тіркелген халықаралық холдинг Freedom Holding Corp. акциялары (тикер FRHC);
  • еліміздегі ең ірі банк – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Halyk Bank, HSBK.Y) бағалы қағаздары;
  • Қазақстанның ұлттық атом компаниясы «Қазатомөнеркәсіп» АҚ (KAP.Y) акциялары, ол әлемдегі уран өндіруші ірі компаниялардың бірі болып табылады.

Сонымен қатар ITS World индексінде бұрыннан қазақстандық жетекші финтех-платформа Kaspi.kz (KSPI) акциялары және ұлттық мұнай-газ компаниясы «ҚазМұнайГаз» (KMG) бағалы қағаздары бар.

ITS компаниясының CEO-сы Шыңғыс Қанапьянов ITS World индексінің негізінде теңгерімді әртараптандыру қағидаты жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, дәл осы тәсіл индексге нарықтардағы құбылмалылық жоғары кезеңдерде де тұрақтылық сақтауға мүмкіндік береді. Қазақстанның индекс құрамындағы үлесінің бұрын жеткілікті деңгейде ұсынылмағанын ескере отырып, қазақстандық қағаздар санын арттыру туралы шешім қабылданған.

Шыңғыс Канапьянов / CEO ITS / Freedom Finance фотосы

ITS World индексіне Америка, Еуропа және Азия елдерінен 50 жетекші компанияның акциялары кіреді. Көп жағдайда бұл индекс жаһандық нарықтың басқа бенчмарктерінен жоғары динамика көрсетеді. Мысалы, 2025 жылы ITS World өсімі 25,62 % болса, S&P 500 индексі 16,30 %-ға, ал Dow Jones 12,97 %-ға ғана өскен.

ITS World (ITSW) биржалық қоры осы индекс негізінде құрылған. Оны ITS пен IPS Capital басқарушы компаниясы әзірлеген. Қор Астана халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясында тіркелген.

АҚШ долларымен номинирленген ITSW қорына инвестиция салу арқылы инвесторлар мұқият іріктелген 50 акциядан құралған қоржынға қаражат сала алады. Инвестициялауды бастау үшін кіру шегі шамамен 10 АҚШ долларынан сәл жоғары. Қазақстанның салық резиденттері мұндай инвестициялардан алынған табысқа салық төлеуден босатылған.

Freedom Holding Corp. компаниясының CEO-сы Тимур Турловтың пікірінше, ITS World жаһандық индексіне қазақстандық компаниялардың көбірек енуі елдің халықаралық аренадағы ықпалының артқанын көрсетеді. Индекске енгізілген компаниялар – Қазақстан экономикасында жүйе құраушы рөл атқаратын ірі кәсіпорындар.

Тимур Турлов Freedom Holding Corp. акцияларының ITS World индексіне қосылуы компания таңдаған даму стратегиясының дұрыстығын дәлелдейтінін атап өтті. Бұған қоса, компанияның Russell 3000 индексіне енуі, The Motley Fool компаниясының Moneyball инвестициялық портфеліне қосылуы, сондай-ақ BlackRock, Morgan Stanley және J.P. Morgan секілді ірі институционалдық инвесторлардың қызығушылығы – осы жетістіктердің айғағы. Оның пікірінше, бұл инвесторларға дамыған нарықтардың сенімділігін өсіп келе жатқан юрисдикциялардың әлеуетімен ұштастыруға мүмкіндік береді.

Тимур Турлов / суретті түсірген Валерий Аяпов

Қайта теңгерімдеуден кейін ITS World индексіндегі өңірлік үлестер өзгеріссіз қалады: Америка – 38 %, Азия – 30 %, Еуропа – 28 %, Қазақстан – 4 %. Индексте Қазақстаннан 5 қағаз, Америкадан 18, Азиядан 14 және Еуропадан 13 қағаз ұсынылады.

Соңғы бір жылда Freedom Finance-тің Қазақстандағы бөлімшесінде шоттар саны шамамен үштен біріне артты. 2025 жылдың соңында Freedom Finance пен «Фридом Финанс» АҚ-ның брокерлік шоттарының жиынтық саны 330 мыңнан асты. 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында 80 мыңнан астам жаңа шот ашылған. Жалпы әлем бойынша Freedom Finance брокерлік бизнесінде 800 мыңнан астам шот бар (деректер 2026 жылдың басына өзекті).

Маңызды жетістіктердің бірі – Freedom Kazakhstan Ltd ірі акционер болып табылатын ITS алаңындағы күндік сауда көлемінің 100 миллион АҚШ долларынан асуы. 2025 жылдың жазында айлық сауда көлемі 1,5 миллиард АҚШ долларына жуықтап, мәмілелер саны 200 мыңға жеткен.

Директорлар кеңесінің отырысында Тимур Турлов Freedom Finance компаниясының қазақстандық қор нарығын қалыптастырудағы рөлін ерекше атап өтті. Дәл осы компания алғаш болып қазақстандық инвесторларға халықаралық нарықтарда бағалы қағаздармен сауда жасау мүмкіндігін ұсынған. 2015 жылы Астанада «Астана халықаралық қаржы орталығы» тіркелген кезде, Freedom Finance оның экономикалық аймағына енген алғашқы компания болды.

Тимур Турлов компания нарық әлі қалыптасу сатысында болған кезеңде келгенін айтты. Freedom Finance елде инвестициялық мәдениеттің негізін қалап, осы бағытта инфрақұрылым құрды, өз орнын айқындап, инвестициялық ортаның дамуына елеулі үлес қосты.

ITS сауда алаңы туралы қысқаша

ITS – Астана халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясында жұмыс істейтін сауда алаңы. Ол инвесторларға жаһандық нарықтың 3200-ден астам құралын ұсынады, олардың ішінде АҚШ пен Қазақстанда листингтен өткен бағалы қағаздар бар. ITS-тің бірегей ұсыныстарының қатарында өз индекстеріне негізделген биржалық қорлар және Нью-Йорк биржасында сауда басталғанға дейін IPO-ға шығатын компаниялардың акцияларымен сауда жасау мүмкіндігі бар.

ITS

2025 жылы ITS жұмысының нәтижелері рекордтық болды:

  • жиынтық сауда көлемі 14 миллиард АҚШ долларынан асып, 2024 жылғы көрсеткіштен 70 есе жоғары болды;
  • саудаға қолжетімді инвесторлар саны 1,2 миллионнан асты;
  • платформада Қазақстан, Армения, Болгария, Кипр, Оман және Оңтүстік Африка елдерінен 19 қатысушы жұмыс істейді.

ITS клиенттері қатарында Қазақстан мен басқа елдердің бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары бар. Жеке және корпоративтік инвесторлар саудаға брокерлер мен банктер арқылы – қаржы делдалдары арқылы қол жеткізе алады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -