Freedom Holding Түркия нарығына қадам басты

693
Мәдина Есенова Редактор
Фотосурет: коллаж DKNews.kz/AI-generated

Freedom Holding Corp. Түркиядағы ауқымды кеңею жоспарын жүзеге асыруға тағы бір маңызды қадам жасады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Компания Turkish Bank A.Ş. акцияларының 99,32 пайызын сатып алуға Түркияның екі негізгі мемлекеттік органынан ресми мақұлдау алды. Бұл мәміле тек банк сатып алу ғана емес, өңірдегі жаңа цифрлық қаржы экожүйесін қалыптастыруға бағытталған стратегиялық жоба ретінде бағаланып отыр.

Freedom Holding Corp.-тың еншілес компаниясы Freedom Finansal Hizmetler A.Ş. Түркияның Банктік реттеу және қадағалау агенттігінен (BRSA) және Монополияға қарсы басқармасынан (Competition Authority) Turkish Bank A.Ş. акцияларының 99,32 пайызын сатып алуға рұқсат алды.

Бұл шешім мәмілені аяқтау жолындағы ең маңызды кезеңдердің бірі саналады. Компания Түркияны ұзақ мерзімді даму стратегиясындағы негізгі нарықтардың бірі ретінде қарастырып отыр.

Түркия неге маңызды?

Соңғы жылдары Freedom Holding қаржы қызметтерін цифрлық технологиялармен біріктіретін экожүйе қалыптастырып келеді. Қазақстанда іске қосылған бұл модель енді Түркия нарығына бейімделмек.

Мәміле толық аяқталғаннан кейін 1982 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Turkish Bank A.Ş. холдингтің өңірлік құрылымындағы маңызды қаржы институтына айналады. Банк брокерлік қызметтерді, инвестициялық бизнесті және капитал нарығындағы операцияларды толықтырып, компанияның жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Сонымен қатар банк Түркияның қаржы реттеушілерінің бақылауында жұмысын жалғастырады. Ал Freedom өзінің цифрлық сервистерді дамыту, клиенттерге қызмет көрсету және жаңа қаржы өнімдерін жасау тәжірибесін енгізуді жоспарлап отыр.

Тимур Турлов: «Түркия – біз үшін стратегиялық нарық»

Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов компанияның Түркияға қатысты жоспарының ұзақ мерзімге арналғанын айтты.

«Freedom үшін Түркия – стратегиялық маңызы зор нарық. Біз бұл бағытқа нақты мақсатпен және айқын көзқараспен кіріп отырмыз. Қазақстанда цифрлық экожүйенің адамдардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айнала алатынын дәлелдедік. Іске қосылғанына екі жылға да жетпеген уақытта Freedom SuperApp-ты пайдаланушылар саны 5,67 миллионға жетіп, ол елдегі ең қарқынды дамып келе жатқан цифрлық сервиске айналды. Біз қаржылық қызметтер мен озық цифрлық өнімдерді бір платформаға біріктірдік. Олар бір-бірін табиғи түрде толықтырып, өзара күшейтеді. Енді осы тәжірибені Түркия нарығына алып келуді көздеп отырмыз. Бұл елдегі әлеуетті клиенттер саны Қазақстанмен салыстырғанда төрт-бес есе көп болуы мүмкін. Банкті сатып алу бізге тиімділігі дәлелденген осы үлгіні ауқымды түрде дамытуға берік негіз қалайды, ал BRSA-ның мақұлдауы оны әлемдегі ең серпінді нарықтардың бірінде іске асыру жолындағы маңызды қадам болды».

Мәмілеге не кіреді?

2026 жылдың ақпанында қол қойылған акцияларды сатып алу-сату келісіміне сәйкес мәміле тек Turkish Bank A.Ş.-ке қатысты.

Ал TurkishBank Group құрамындағы Ұлыбританиядағы және Солтүстік Кипр Түрік Республикасындағы банктер, сондай-ақ топтың өзге активтері бұл келісімге кірмейді.

Freedom Түркияда қандай жоспар құрып отыр?

Банк сатып алу жобасы Түркиядағы брокерлік бизнесті іске қосу кезеңімен қатар жүзеге асырылып жатыр. Компания енді Түркияның Капитал нарығы кеңесінің соңғы лицензиясын алғаннан кейін қаржылық қызметтер аясын айтарлықтай кеңейтуді көздейді.

Жоспар бойынша Freedom бөлшек клиенттерге, ауқатты және жоғары табысты инвесторларға (HNWI), шағын және орта бизнеске, сондай-ақ корпоративтік секторға қызмет көрсетеді.

Ұзақ мерзімді стратегия бойынша банк:

  • банктік қызметтерді;
  • инвестициялық шешімдерді;
  • сақтандыру өнімдерін;
  • трансшекаралық қаржы сервистерін

бір экожүйеге біріктіреді.

Ал болашақта бұл модель электрондық коммерция, телекоммуникация және lifestyle сервистерімен толықтырылуы мүмкін.

Интеграция қалай өтеді?

Мәміле жабылғаннан кейін Freedom технологиялық платформаларды біріктіруге кіріседі.

Компанияның негізгі басымдықтары:

  • цифрлық инфрақұрылымды жаңарту;
  • клиенттік сервисті жақсарту;
  • жаңа өнімдерді әзірлеу;
  • Түркиядағы барлық бөлімшелердің операциялық жұмысын біріктіру.

Холдингтің пікірінше, бұл қадам Freedom-ның Еуразия, Таяу Шығыс және Орталық Азиядағы ең қарқынды дамып келе жатқан қаржы топтарының бірі ретіндегі позициясын күшейтеді.

Компания туралы

Freedom Holding Corp. — брокерлік қызмет, инвестициялық банкинг, бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру, ипотека, телекоммуникация, онлайн-сервистер, электрондық коммерция және басқа да цифрлық қызметтерді біріктіретін халықаралық холдинг.

Компания құрамында 11,8 мыңнан астам қызметкер еңбек етеді. Холдингтің бөлімшелері Қазақстанды қоса алғанда АҚШ, Кипр, Польша, Испания, Өзбекстан және тағы басқа елдерді қамтитын 22 мемлекетте жұмыс істейді. Freedom Holding Corp. акциялары Nasdaq биржасында FRHC тикерімен саудаланады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -