Қазақстандағы Ағылшын Премьер-лигасы: барлық 380 матчты қайдан көруге болады

737
Жан Арыстанұлы Редактор

АПЛ Қазақстанда қолжетімді бола түсті. Freedom Кино мен ТВ Ағылшын Премьер-лигасының барлық 380 матчын көрсету құқығына ие болды, оның ішінде 152 матч, сервис мәліметінше, басқа бірде-бір платформада көрсетілмейді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жанкүйерлер үшін басты жаңалық — бұл матчтарды көру үшін бөлек спорттық жазылым қажет емес. Барлық трансляция Freedom Кино мен ТВ стандартты жазылымына кіреді, оған басқа спорттық іс-шаралар, фильмдер, сериалдар және платформаның өз туындылары да енгізілген.

АПЛ-дың барлық 380 матчы стандартты жазылымға кіреді

Бұрын Қазақстанда Ағылшын Премьер-лигасының матчтарын көру оңай емес еді. Трансляциялар негізінен арнайы спорттық сервистерде көрсетіліп, кей жағдайда бағасы жоғары болды немесе чемпионат ойындары толық қамтылмады.

Енді Freedom Кино мен ТВ онлайн-кинотеатрлар арасында АПЛ маусымының барлық 380 ойынын көрсету құқығына ие болды.

Оның 152 матчы, компания мәліметінше, басқа бірде-бір платформада көрсетілмейді. Қазақстандық көрермен үшін бұл әр тур алдында нақты ойынды қай сервистен көруге болатынын іздеудің қажеті азаяды деген сөз.

Футбол трансляциялары бөлек тарифке шығарылмаған — олар стандартты жазылымның құрамына кіреді.

«Арсенал» чемпиондық титулын «Ковентри Ситиге» қарсы қорғай бастайды

Ағылшын Премьер-лигасының жаңа маусымы 21 тамызда басталады. Алғашқы кездесуде қазіргі чемпион «Арсенал» 2000/01 маусымынан кейін жоғары дивизионға қайта оралған «Ковентри Ситиді» қабылдайды.

«Арсенал» үшін бұл — 22 жылдан кейін чемпион мәртебесінде бастайтын алғашқы маусым. Ал «Ковентри Сити» элитаға орала сала бірден чемпионмен кездеседі.

Freedom Кино мен ТВ кестесінде алғашқы матчтың басталу уақыты 21 тамыз, 23:50 деп көрсетілген.

Бірінші турда «Манчестер Юнайтед», «Ливерпуль» және «Челси» ойнайды

Бірінші турдың өзінде қазақстандық жанкүйерлер Англияның ең танымал клубтары қатысатын бірнеше ойынды көре алады.

Freedom Кино мен ТВ-дағы бірінші турдың басты матчтары:

  • 21 тамыз, 23:50 — «Арсенал» vs «Ковентри Сити»
  • 22 тамыз, 16:20 — «Халл Сити» vs «Манчестер Юнайтед»
  • 23 тамыз, 17:50 — «Манчестер Сити» vs «Борнмут»
  • 23 тамыз, 20:20 — «Ньюкасл Юнайтед» vs «Ливерпуль»
  • 24 тамыз, 23:50 — «Фулхэм» vs «Челси»

Толық маусым барысында сервис Премьер-лиганың барлық 380 кездесуін көрсетуді жоспарлап отыр.

Тимур Байыров әлемдік спортқа жасалған ставканы түсіндірді

Freedom Кино мен ТВ үшін АПЛ трансляциясының құқығын сатып алу спорттық контентті жүйелі түрде дамыту стратегиясының бір бөлігіне айналды.

Freedom Кино мен ТВ бас директоры Тимур Байыров бұл шешімді Қазақстандағы спорт мәдениетін дамыту әлеуетімен байланыстырады.

«Біз спорттық контентке жүйелі түрде қаржы бөліп келеміз. Себебі оның Қазақстандағы спорт мәдениетін дамытуға зор серпін бере алатынына сенеміз, — дейді Freedom Кино мен ТВ бас директоры Тимур Байыров. — Ағылшын Премьер-лигасы әлемдегі ең тартысты әрі көрерменге ең қызықты футбол чемпионаттарының бірі ретінде мойындалған. Оны миллиондаған жанкүйермен қатар, кәсіби футбол қауымдастығы да жоғары бағалайды. Сондықтан АПЛ матчтарын көрсету құқығын иелену біз үшін жан-жақты сараланған стратегиялық шешім болды. Біз әлемдік деңгейдегі спортты қазақстандық көрерменге барынша қолжетімді еткіміз келеді. Әр жанкүйер сүйікті командасының ойындарын отандық платформа арқылы тамашалай алуы керек. Сапалы спорттық контент адамдарды біріктіріп, олардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, жанкүйерлердің жаңа буынын шабыттандырады деп сенеміз».

Жазылымда футболдан бөлек 5000-нан астам фильм мен сериал бар

Платформаның спорттық бағыты бір ғана Ағылшын Премьер-лигасымен шектелмейді.

Freedom Кино мен ТВ-да басқа да спорттық жарыстардың ауқымды топтамасы бар. Көрермендер спорттық трансляцияларды тамашалап, көру сағаттарын жинау арқылы ай сайын бағалы сыйлықтар ұтысына қатыса алады. Толығырақ Freedom Кино мен ТВ спорт бөлімінен білуге болады.

Стандартты жазылымға сонымен бірге 5000-нан астам фильм мен сериал, сондай-ақ Freedom-ның өз туындылары кіреді. Олардың қатарында «Казахские страшные сказки», «Мұнай», «140 балл» және басқа сериалдар бар.

Матчтарды Smart TV арқылы да көруге болады

Жазылымды мобильді құрылғы арқылы қосуға болады. Қосымшада тіркелгеннен кейін сервис Smart TV-да да қолжетімді болып, матчтарды үлкен экраннан көруге мүмкіндік береді.

Қазақстандық футбол жанкүйерлері үшін негізгі өзгеріс бір санға сыйып тұр — 380 матч. Егер жарияланған модель бүкіл маусым бойы сақталса, АПЛ-дың жекелеген ойындарын әртүрлі сервистен іздеудің қажеті болмайды.

Бұған дейін біз Freedom Кино мен ТВ-ның өз контентін дамытуы және «Умай» драмасының премьерасы туралы жазған едік.

Енді платформа екінші ірі бағытты — спорттық трансляцияларды күшейтіп, АПЛ маусымын барлық матчты қамтитын толық пакетпен бастайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -