Қазақстан мен АҚШ экспорттық бағыттардың сенімді жұмыс істеуі және әлемдік нарықтарға энергия ресурстарын тұрақты жеткізу мәселелерін талқылады. Бұл тақырыптар Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов пен АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джули Стаффттың кездесуінде қаралды, деп хабарлайды Энергетика министрлігіне сілтеме жасаған DKNews.kz.
Тараптар өңірлік энергетикалық қауіпсіздік пен екі елдің энергетика саласындағы ынтымақтастығының өзекті мәселелерін де талқылады. Ақкенженов пен Стаффт стратегиялық энергетикалық әріптестікті одан әрі дамытуға және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін білдірді.
Кездесу қорытындысында тараптар Стратегиялық энергетикалық әріптестік аясындағы диалогты жалғастыруға, инвестициялар тартуға және энергетика секторындағы бірлескен жобаларды іске асыруға жәрдемдесуге дайын екенін растады. Министрлік хабарламасында нақты жобалар, инвестиция көлемі және экспорттық бағыттар аталмаған.

Салаға инвестиция тарту мәселесі Минэнергоның америкалық бизнес өкілдерімен бөлек кездесуінде де көтерілген еді. Қазақстандағы жаңа мұнай-газ жобаларын қарастырып жатқан Kimmeridge компаниясымен қандай ынтымақтастық бағыттары талқыланғаны туралы материалымыздан оқуға болады.